Қарағандыда құсбегілік федерациясының мүшесі Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құсты заңсыз асыраған

Қарағандыда "Құсбегілік" федерациясы мен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болған ер адам Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құсты үйінде асырап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бері "Құсбегілік" федерациясы мен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болған. Соған қарамастан Қарағандыдағы үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған.
“Аңшылық, қыран құстарды күтіп-баптау және емдеу тақырыбына арналған Instagram парақшасы арқылы ол табиғи мекендеу ортасынан заңсыз алынған сирек жыртқыш құстарды жеткізіп беретін адамдармен байланыс орнатқан. Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс анықталып, тәркіленді. Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Аталған құстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады”, – делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды. Қазір ер адамды сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жыртқыш құстарды заңсыз иемдену және ұстау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
“Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта құстар уақытша Қарағанды қаласының хайуанаттар бағында. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі”, – делінген хабарламада.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Оқыңыз