Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда соңғы қоңырауға қатысты ережелер мен тыйымдар айтылды

Фото: t.me/almaty_akimat

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мектеп түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, Қазақстан мектептерінде шамамен 4 миллионға жуық оқушы білім алып жатыр. 

“Биыл 9-сыныпты 364 мыңнан астам, ал 11-сыныпты 17 мыңнан астам оқушы аяқтайды. Оқу жылы дәстүрлі түрде 34 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады. Мектептерде бес күндік оқу аптасы енгізілгенін ескере отырып, 1–10 сынып оқушылары үшін 23 мамырда бірыңғай форматта сынып сағаты өткізіледі. 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшіліктерінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда мектеп қабырғасында өтеді. Іс-шараның форматы мен мазмұнын әр мектеп өзі айқындайды. Аттестат тапсыру рәсімін 18–20 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр”, – деді Орта білім комитетінің төрағасы.

Осылайша соңғы қоңырау қарсаңында Қазақстанда мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты шектеулердің тізімі жарияланды. Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында өткен брифинг барысында белгілі болғандай, барлық қабылданған шаралар түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Күралай Газимованың айтуынша, мыналарға тыйым салынады:

  1. Ата-аналардан ақша жинау;
  2. Аниматорлар мен мерекелік агенттіктерге;
  3. Мұғалімдер мен мектепке сыйлық алуға;
  4. Банкет ұйымдастыруға, көлік жалдауға;
  5. Қоғамдық орындарда серуендеулерге;
  6. Соңғы қоңырау шарасын кафе, мейрамхана немесе ойын-сауық орындарында өткізуге.

Егер түлектер табиғатқа шығуды жоспарлаған жағдайда:

  1. Мектеп әкімшілігінің бұйрығы;
  2. Ата-аналардың жазбаша келісімі;
  3. Маршрут жөнінде полицияға хабарлама жіберілуі тиіс.

Мұндай сапарлар кезінде мектептен жауапты маман, медициналық қызметкер және полиция қызметкері міндетті түрде бірге жүруі керек. Сондай-ақ оқушфларды тасымалдайтын көліктің техникалық жағдайы тексеріледі.

Сондай-ақ жергілікті полиция басқармасының басшысы Нұрсейіт Оразовтың айтуынша, 23 мамыр күні әр мектепке полиция қызметкері бекітіледі. Соңғы қоңырау күні бейнебақылау күшейтіледі, оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен нұсқаулықтар өткізіледі. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейдтер жүргізіледі. Бизнес нысандарына, оның ішінде дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарына кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынады.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Арман Тенел:

  1. Рұқсат етілмеген жерлерде, сондай-ақ алкогольдік мас күйінде шомылуға болмайды;
  2. Қайықтан, катерден, пирс пен арнайы жабдықталмаған орындардан суға секіруге;
  3. Пиротехника мен фейерверктерге қатаң тыйым салынған.

Іс-шараларды ұйымдастырушылар өрт сөндіру құралдарының болуын және жауапты тұлғалардың кезекшілігін қамтамасыз етуі тиіс. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарласу қажет.

Билік өкілдері мерекенің салтанатты, қауіпсіз және ата-аналарға артық шығынсыз өтуі тиіс екенін атап өтті.

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Нұрмұханова балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар да жауапты екенін айтты. 

“Қазіргі таңда министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Нақты сигналдар түскен жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады”, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар 9 және 11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихандардың мерзімдері белгілі болды. Атап айтқанда, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды мемлекеттік емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді, ал 11-сынып оқушылары үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында жүргізіледі.

Айым Болатқызы
Жұма, 16 Мамыр, 2025 16:11
Талқылау