Қаңғыбас иттерді өлтіру туралы заң Сенатқа түсті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда бұралқы иттерді 5 күн ұстап, өлтіру туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әшімбаев құжатты сенат депутаттары әлі қарап үлгермегенін айтты.
“Үйсіз жануарларды эвтаназиялау туралы заң кеше ғана сенатқа келіп түсті. Депутаттар оны әлі қарап үлгерген жоқ. Қазір жұмыс процесі енді басталып жатыр. Заң жобасы комитеттерге бөлініп берілді. Енді олар жұмыс топтары аясында, қоғам өкілдерін қатыстырып, талқылайды. Осы мәселелер жан-жақты қаралған соң құжат пленарлық отырысқа шығарылады”, – деді Мәулен Әшімбаев.
ОқыңызОл әзірге сенатта тек қоғам белсенділері мен мәжіліс депутаттарының пікірлері естілгенін айтты.
“Бізге алдымен заңның өзін мұқият қарап шығу керек. Менің ойымша, бұл көп уақыт алмайды. Шамамен бір аптадан он күнге дейін нақты нормалар бойынша мазмұнды пікір айтуға дайын боламыз”, – деді сенат төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін мәжілісте жануарларды ұстау мерзімін қайта қарауды ұсынатын заң жобасы талқыланып жатқанын жазған едік. Енді оның негізінде елімізде көшедегі иттер ұсталған соң бес күннен кейін эвтаназияланады.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен