Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін аурулардың тізбесі бекітілді
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тізбеге саусақ ізінен өтуге болмайтын аурулардың 53 түрі енгізілген.
"Мысалы, бұған терінің гипертрофиялық өзгерістері, келоидты тыртықтар, сызықтық склеродерма, васкулит, ревматоидтық артрит және басқалары сияқты дерматологиялық патологиялардың кейбір түрлері кіреді. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саусақ іздері биометриялық паспорттар мен жеке куәліктердің чипіне енгізіледі", – делінген министрлік хабарламасында.
Дактилоскопиялық тіркеуден 12 жасқа дейінгі балалардан басқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өте алады.
Еске салайық,
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"