Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов қызметтен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Championat.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Екі жақтың келісімі бойынша еңбек шарты бұзылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусымында басқарған еді. Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алты ойын өткізді. Нәтижелері көңіл көншітпейді: бес жеңіліс, бір тең ойын және бірде-бір соғылған гол жоқ.

Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы да түгелдей кетті.

"Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның командасына еңбектері үшін алғыс білдіреді және олардың мансабында сәттілік тілейді! Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлердің тізімі қарастырылып жатыр", – делінген хабарламада.

Өткен қарашада ҚФФ президенті қызметін 2022 жылдың ақпан айынан бері атқарған Әділет Барменқұлов өз өтініші бойынша қызметінен кетті. Ол ресейлік Станислав Черчесовты ҚФФ бас бапкерлігіне шақырған еді.


"Екі деген баға қойғандарды қолдаймын": Черчесов Қазақстан құрамасында жасап жатқан жұмысына баға берді


Күзде Черчесов Словениямен өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқановтың сөзін бөліп: "Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба? "Парижде, бәрі жақсы" деген.

Көпшіліктің наразылығынан кейін ҚФФ видеоны YouTube-тегі ресми арнасынан алып тастады. Мәдениет және спорт министрлігі федерациядан түсініктеме талап етті. Сондай-ақ шенеуніктер жаттықтырушыға мемлекеттік тілге құрметке байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуді талап етті.

Еске салайық, бұған дейін Черчесовтың Қазақстан футбол құрамасынан кетуі мүмкін екені айтылды. 

 

Талқылау