Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі Samsung Pay мобильді төлемдер сервисін пайдалануға іске қосты

28 қаңтарда ЦентрКредит Банкі Samsung Pay контактісіз мобильді төлемдер жүйесін бета-тестілеу режимінде іске қосты. Бұл Банк клиенттеріне Samsung-тің арнайы сайтында тіркеуден өтіп, Samsung Pay-дің барлық артықшылықтарын алғашқылардың бірі болып пайдалануға мүмкіндік беретін Samsung-тің ресми іске қосу алдындағы стандарт процедурасы.

Осы сервис сатып алған тауар ақысын Samsung құрылғыларының көмегімен төлеуге мүмкіндік береді. Төлем жасау үшін құрылғыны төлем терминалына жақындату жеткілікті. Samsung Pay-ге Visa немесе Mastercard карталарын қосып, Samsung гаджеті арқылы төлем жасауға болады, бұл өте ыңғайлы әрі қауіпсіз. 

 «Бүгін біз өз клиенттерімізге ЦентрКредит Банкінің картасын ыңғайлы әрі қауіпсіз Samsung Pay сервисіне қосу мүмкіндігін ұсынатынымызды қуана хабарлаймыз, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Енді Samsung құрылғысын ұстаушыларға өзімен бірге картаны немесе ақша алмаған болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Жаңа сервистің көмегімен олар гаджетті POS-терминалға жақындату арқылы сауда ақысын төлей алады. Ірі және шағын қалалардағы біздің карталарымызды ұстаушылар жаңа қызметке лайықты бағасын беретініне сенімдімін».

Samsung Pay-ді пайдалануды қалай бастауға болады?

1. Samsung сайтында тіркеуден өтіңіз
Samsung Pay-ді қолдайтын құрылғылар моделдерінің тізімі Компанияның* сайтында көрсетілген.  
2. Samsung account есептік жазбаңыздың e-mail мекенжайын енгізіңіз және өз девайсыңыздың моделін таңдаңыз. 
3. Galaxy Store арқылы қосымшаны орнатыңыз. 
4. Samsung Pay қосымшасына кіріңіз және мобильді қосымшадағы нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз. 
5. Visa/Mastercard картасының нөмірін сканер немесе қолмен енгізу арқылы тіркеп, қосылуды растаңыз. 

2020 жылғы 28 қаңтардан бастап 31 наурызға дейінгі кезеңде Samsung Pay цифрлық әмиянын қосқан және 2500 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасаған клиенттерге 1000 теңге мөлшерінде welcome бонус төленеді. 

*Samsung Pay қосымшасы тек Қазақстан Республикасы үшін ресми түрде шығарылған құрылғыларда қолдайды. 

Егер құрылғы басқа елде сатып алынған болса, операциялық жүйені қайта орнату үшін Samsung сервис орталығына бару қажет. Толық ақпарат компанияның сайтында немесе Call-орталығынан білуге болады. 

Банк сайтындағы Samsung Pay беті

Толық консультация алу үшін Банктің Call-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз: 

+7 (727) 244 7777
505 – мобильді телефоннан тегін 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Оларды сабырға шақырамын": Масанчиде қаза болған қазақ тілінің мұғалімінің жақындары болған жайтты айтып берді

Анасының айтуынша, Масачниге оның екі ұлы аттанған

Өскеменде мас жүргізуші полицейдің жағасынан алды

Ер азамат тергеу изоляторына қамалған

Қыздар мектебіндегі жанжал: Үндістанда 68 студентті етеккір белгісіне тексерген

Үндістанда қыз балалардың іш киімін тексерген колледж әкімшілігі елдің наразылығын тудырды

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын иеленді

Екінші орын Корея спортшысына бұйырған

Ақмола облысында жүрдек пойыз қараусыз қалған 11 жылқыны қағып өткен (видео)

Оқиға түнде болғандықтан, пойыз машинисі жайлып жүрген малды көрмеген

Қытайдағы Ухань госпиталінің басшысы коронавирустен көз жұмды

Аурухананың жетекшісі Лю Чжимин таңғы 10:30-да көз жұмған

Қордай ауданында полицейлерге шабуыл жасаған күдіктілер қамауға алынды

Полицияға қарсы зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілер ұсталды

Пример для нытиков: Казахстанцы поддержали мать семерых детей, работающую водителем такси

Казахстанцы хвалят женщину за трудолюбие и умение противостоять трудностям

Диана Шарапова мен Роман Миронов «Голос Украины» жобасына өздері дайындаған Ерлан Байбазаровты сотқа бермекші

Айтуларынша, «Голос Украины» жобасына өздері дайындап қатыстырған Ерлан Байбазаровтан қазір қарыздарын ала-алмай жүр

Қуандық Рахым үйленбекші: Әнші той туралы не айтты

Жуырда ғана "Үйленемін" деп ән салған Қуандықтың да бойдақтықпен қоштасатын күні алыс емес.
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр