Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігінен кету себебін түсіндірді

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өзінің қызметтен кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігінен өз еркімен кеткендігін айтады.

"Менеджмент саласында белгілі бір жерде үш жыл жұмыс істегеннен кейін басқа нәрсемен айналысу керек. Мен Денсаулық сақтау министрлігінде үш жыл жұмыс істедім. Фармация комитетіне 2017 жылдың тамыз айында келдім, содан кейін ол Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен біріктірілді", - деп еске алды ол.

Оның тұсында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, медициналық және фармацевтикалық бақылау - үш ұйым бір комитетке біріктірілген.

Айтуынша, ол қызмет еткен тоғыз ай бойы тәулік бойы жұмыс істеген.

"Эпидемиологтар да тәулік бойы жұмыс істеді деп толық айта аламын. Олар үшін шынымен қиын болды, біз кейбір әріптестерімізді жоғалтып алдық", - деді Людмила Бюрабекова.

Ол санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейтіп, эпидемиологтар жалақысын көбейтуі керектігін айтады. 

Талқылау