Бюллетеньдерді жабылып салып жатыр: ОСК желіде тараған видеоға қатысты жауап берді
Желіде Қазақстандағы сайлау учаскелерінің бірінде заң бұзушылық орын алғаны туралы видео тарады. Алайда ОСК өкілдері видеодағы адамдардың әрекеті заңға қаншалықты қарама-қайшы екені тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір бұған қатысты қандай да бір пікір білдіру мүмкін емес. Материалды әбден зерттеп, кейін ғана шешім қабылдау қажет. Тиісті органдар міндетті түрде зерттейтін болады", - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Ол желіде таралып жатқан видеоларды құқық қорғау органдарымен қатар, ОСК мүшелерінің де тексеретінін айтып өтті. Таралған видеода сайлау учаскелері түсірілген. Онда бірнеше адам сауытқа бюллетеньдерді жарыса салып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Түскі сағат он екіге дейін халықтың 35%-і дауыс берді.
Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 66%-і дауыс бергені белгілі болды. Ал сағат 18:00 кезінде 72, 9% халықтың дауыс бергені хабарланды.