Бюджет қаражатын жымқырды: Республикалық ветеринарлық қызметтің басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы республикалық ветеринарлық қызметтің басшысы Нұрлан Сбанов ұсталды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің ғимаратына кісен салынып жатқан ветеринариялық зертхананың басшысына ұқсайтын адамды ұстау туралы видео пайда болды.
Ұсталған адамның Нұрлан Сбанов екені расталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сбанов бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Нұрлан Сбанов 2019 жылдың қазан айында Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын республикалық ветеринариялық зертханада экономика бөлімінің маманы ретінде бастады. Ол ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі