Атырауда бұрынғы әйелін ұрғаны үшін сотталған экс-әкімнің жазасы жеңілдетілді
Апелляциялық сот Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелін ұрып-соғу ісі бойынша үкімін қайта қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: БҚО әкімдігі
Апелляциялық сот жәбірленушіні Ибрагимовке қаржылай тәуелді емес деп тапты. Өйткені ол кәсіпкерлікпен айналысады және жеке кірісі бар екен.
"Жәбірленушінің сотталушыға қаржылай тәуелді екені дәлелденген жоқ. Жәбірленушінің кәсіпкерлікпен айналысқаны туралы құжаттар ұсынылып, оның есепшотына ақша аударылғаны анықталды", – деді сот.
Сондықтан экс-әкімнің әрекеті қайта сараланып, оған 2 415 000 теңге айыппұл салынды.
Еске салайық, Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі 11 жыл ұрып-соққан, балаларын тартып алған. Алайда оны сот тек шартты жазаға кескен еді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"