Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бұл заңсыз": Ақтауда 15 жастағы жасөспірімдердің некесі тіркелмеген болып шықты

Бірер күн бұрын желіде 15 жастағы ақтаулық жасөспірімдердің тойының видеосы тарап, қызу талқыға түскен еді. Бүгінде жас жұбайлардың некесі ресми тіркелмегені анықталды.

Ақтауда 15 жасында үйленген жасөспірімдер көпшілікті қайран қалдырды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық АХАЖ бен облыстық мешіттегілердің сөзінше, оларда жасөспірімдердің некесі ресми түрде тіркелмеген. Жастар оларға жүгінбеген екен. 

Атап өтілгендей, елімізде ресми некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат беріледі.
Мамандар кәмелет жасқа толмағандар жүкті немесе босанған жағдайда ғана рұқсат берілетінін айтта. Бұл орайда, заң бойынша, 16 жаста ғана некелесуге болады. Одан ерте некелесуге рұқсат берілмеген. 

Ал мешіттегілер некеге тұрғысы келетін жастардан жеке куәлігі талап етілетінін айтады. Аталған құжат тек 16 жастан бастап беріледі. Сонымен қатар мешіттегілер АХАЖ-да берілген неке туралы куәлікті сұрайды. Неке қию рәсімі кезінде жас жұбайлардың ата-анасы мен туыстары болуы тиіс.

«Некені 15 жастан тіркеу мүмкін емес. Бұл заңсыз болып табылады. Сондықтан аталған жұп бізге келген жоқ», - дейді мешіттің бас имамы Сейітбек Сымайыл.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда 15 жастағы жасөспірімдердің тойының видеосы тараған еді.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...