Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 15 жасында үйленген жасөспірімдер көпшілікті қайран қалдырды (видео)

Қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерде ақтаулық 15 жастағы жасөспірімдердің үйлену тойын қызу талқылауда.

Ақтауда 15 жасында үйленген жасөспірімдер көпшілікті қайран қалдырды

Қалыңдық өзін алып қашқанын, ал қайтып келген қыздың әрекеті ұят деп саналатынын айтты. Өзіне қойылған көпт сұрақтардан шаршап кеткен қалыңдық ерте некеге тұрудың себептері туралы айтқан жазбасын жариялады.

Қыздың айтуынша, ол күйеуі екеуі 15 жаста, олар 2004 жылы туған. Екеуі де қазір колледжде оқиды.

Жас жұбайлар нақты шешім қабылдамас бұрын 3-4 ай бойы қарым-қатынаста болған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бізге көп келетін сурақтарга жауап бере кетейік☺ 1)екеумізде 2004 жылғымыз,жолдасымда озімде 15теміз💁🏻‍♀. 2)ата енемізбен Актау каласында тұрамыз. 3)екеумиздинде руымыз Жары 3)3-4 ай жүріп,уйлендік😌 4)Жан жарым екеумізде колледж окимыз) 4)ата аналарыныз карсылық таныдпадыма?әрине басында карсылықтар болды,мені алп кашып кеткендіктен озымде xауарым жок болды,кайтып келген кыз жаман дегендіктен,жане бр-брмызды суйгендыктен мен қалам деп шештім🤗 Дайректке көп келетін сұрақтар осылар,жауап бере алдым деген ойдамын. Баска кандай сурактарыныз бар?

Публикация от RakhmandullaAsem❤️ (@mukhamedinova_10)

«Ата-аналары қарсы ма екен деп сұрайды. Әрине, олар басында қарсы болды. Олар мені ұрлап әкетті, өйткені қайтып келген қыз жаман дейді, мен қалуды жөн шештім. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз», - деп жазды жас қалыңдық.

Қыздың инстаграм парақшасына қарағанда үйлену тойы осы жылдың шілде айында болған.

Көптеген қолданушылар ерлі-зайыптылар ресми некеге тұрмайды, бірақ мешітте мұсылмандық рәсімін өткізеді деп болжады.

Заң бойынша Қазақстанда неке 18 жастан бастап тіркелуі мүмкін, кейбір жағдайларда жасын төмендетуге болады, бірақ екі жылдан аспайды. Егер ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған болса, ата-анасының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі қажет.

Талқылау