"Бұл менің екінші отаным": Футболдан бас құраманың экс-жаттықтырушысы Магомед Адиев Қазақстанға қайтып оралатынын айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанды “екінші отаным” деп атап алдағы уақытта қайтып оралу мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ҚФФ
Ал Адиев өзінің кетуі туралы пікір білдірді.
"Келесі жыл мен үшін жаттықтырушы ретінде өте маңызды болмақ. Себебі жоспар бойынша ұзақ нәтиже көрсете аламын ба, және РПЛ-де жоғары деңгейлі жаттықтырушы бола аламын ба деген сауал тұр.
Орташа деңгейдегі жаттықтырушы ретінде қолымнан келгенінін көрсеттім. Енді мен үшін маңызды жаңа қадам. Алдағы уақытта Қазақстанға қайтып келетінімді ешқашан жоққа шығармаймын. Себебі бұл менің екінші отаным", - деді маман.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовты ұлттық команданың бас бапкері етіп тағайындаған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

