Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігі "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына жолдама алды. WTA чемпиондық кестесінде екінші орында тұрған отандасымыз төртінші кезеңде украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнады. Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Енді ол ширек финалда италиялық Ясмине Паолиниге қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, содан кейін денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалған еді
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді