Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл қаладан кет болмаса мен сені өлтіремін": Қарағандыда студент оқушы қызды аяусыз соққыға жыққан

Қарағандыда студент оқушы қызды аяусыз соққыға жыққан. Бұл жағдай туралы "Еуразия" бірінші арнасының редакциясына зардап шеккен қыздың анасы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Анасының айтуынша, бірінші курс студенті достарының алдында 16 жастағы қызын мазақ еткен.

караганды окушы

Анасы студенттің қызын есінен танып қалғанына қарамастан соққыға жыққанын айтады.

"Қызым ес-түссіз құлап түскен, бірақ ол оған қарамай, соққы жұмсауын жалғастырған. Ол тіпті "бұл қаладан кет, немесе мен сені өлтіремін" деген сөздерді айтқан. Студент қыздың жігіті жақындап келіп, болды, доғар деген. Сосын жерде жатқан қызымның күртешесінен көтеріп, тұрғызып алып: "Мұнда не істеп жүрсің?" деп, қар үйіндісіне құлатып жіберген", - дейді жәбір көрген қыздың анасы.



Оқиға қыста болған. Ақ қардың үстінде қанға бөгіп жатқан қызды өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Жедел жәрдемді де солар шақырған. Оқушының ата-анасы полицияға шағым түсірген. Алған соққыдан оқушы қыздың еріндері жыртылып, мұрны сынған және бүкіл денесі көгеріп қалған. Полиция мұны жеңіл дене жарақаты деп қарап, істі жауып тастаған.

"Заңгерімнің бірнеше рет арыздануынан кейін іс қайта жалғасты, сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қайта сараланды. Қылмыстық істің неліктен қозғалмағанын түсіндірсін. Осы оқиғадан кейін де бұл қыз студент болып оқып жүр, қалада тұрып жатыр. Ал менің балам ше? Біздің мектепті ауыстырып, басқа қалаға көшуімізге тура келді", - дейді оқушы қыздың анасы.

Студент қызға кішігірім айыппұл салынған. Жәбірленген оқушының отбасы бұл істі орта жалдан қалдырмауды ойлап отыр. Ендігі олар сотқа жүгініп, моральдық шығынды өтеуді талап етпекші.

Талқылау