Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - украиналық радикалдар базасы": Ресей сыртқы істер министрі перзентханаға жасалған соққы туралы пікір білдірді

Ресейдің сыртқы істер министрі Украина министрімен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер сұрағына жауап берген Сергей Лавров Украинадағы перзентхана мен балалар ауруханасына жасалған шабуыл туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лавров

Лавровтың сөзінше, перзентханада жүкті әйелдер болмаған және ғимаратты Украина қарулы күштері басып алған.

"Қазір Ресей әскерилеріне қатысты "айуандық" әрекеті туралы айтып жатыр. 7 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында біздің делегация аталмыш перзентхананы "Азов" батальонының басып алғанына қатысты деректер келтірген. Бұл жерден радикалдар барлық жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлерін қуып жіберген", – деді Лавров.



Ол перзентхананың "Азов" батальонының базасына айналғанын мәлімдеді. Ал дәлелдер үш күн бұрын ұсынылған. Лавров жүкті әйелдердің жаралануы туралы мәліметті "ақпараттық манипуляция" деп бағалады. 

Айта кетейік, бұған дейін Мариупольде Ресей қарулы күштерінің аурухана мен перзентханаға соққы жасағаны туралы хабарлаған едік. Салдарынан 17 адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ.

Талқылау