Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғыс бастаған елдің азаматы болғымыз келмейді": Украинадағы арнайы операция басталған уақыттан бері Ресейден мыңдаған адам кеткен

Украина жеріндегі арнайы операция басталған уақыттен бері Ресейден мыңдаған адам кеткен. Адамдар сенімсіздікден, соғысты бастаған ел азаматы болғысы келмегендіктен және экономикалық дағдарыстан қашуға тырысқан. Әзірге нақты қанша адамның туған жерін тастап кеткені белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

елден кеткен

Әзірге азаматтардың көп барған елі – Грузия. Ресейліктер мұнда өткен жылы Алексей Навальныйдың штабы құлаған соң және журналистер мен БАҚ-ты "шетелдік агенттіктер" деп атаған соң келе бастаған. 

Грузия ішкі істер министрлігі 24 ақпаннан бастап елге 20 мыңнан аса ресейліктің келгенін мәлімдеген. Ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури 3 мың адамның елде қалғанын айтты. 

Әзірге қолжетімді бағыт – Армения мен Түркия. Мұнда билеттің қымбаттығына қарамастан ұшақ арқылы жету оңайға түседі екен. Алайда адамдар өзге елдерде тұрақты қалатынын немесе уақытша болатынын анықтамаған екен. Басым бөлігі Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірлігі, Қазақстан, Қырғызстан мен визаны қажет етпейтін Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне барған. 

Әуе кеңістігі жабылғанына қарамастан кейбірі бірнеше ел арқылы Ұлыбритания, АҚШ пен Еуроодақ елдеріне аттанған. 
Грузияға шетелдік азаматтардың көптеп келуі жалдамалы үй бағасының өсуіне әсер еткен. Тіпті Тбилисиде пәтерді жалға беру ұсыныстарында иелері Ресей мен Беларусь азаматтарына үй ұсынбайтындарын көрсеткен. Қазір Ресеймен виза режимін енгізу үшін петицияға 15 мыңнан аса адам қол қойған. 

Telegram мессенджерінде ондаған чат пайда болған. Оларды "релоакция" сөзі біріктіреді және әр қайсысында 3-10 мың қатысушы бар. Мұндай чаттарда адамдар бір-бірлеріне сенімді риэлтор табу, банкте есепшот ашу сынды тұрмыстық мәселелерде көмектеседі. 

Үрей мен дүрбелең

"Біз елден кетуді бұрыннан жоспарлағанбыз, отбасы ішінде талқыладық. Бірақ 24 ақпаннан кейін шұғыл билет алу керегін түсіндік, себебі жағдайдың қаншалықты ауқымды екенін түсінбедік", - дейді интернет-маркетолог Татьяна.

Татьянаның сөзінше, Еуропада туыстары бар екен, алайда әуе кеңістігі ерте жабылғандықтан, мұнда барып үлгермеген. Кейін Шри-Ланкадағы таныстарына аттануды жоспарлапты, алайда бұл қымбатқа түседі және туристерге тек 1 ай болуға рұқсат беріледі екен. Осылайша Татьяна күйеуімен бірге Тбилисге аттанған. 

Беларусь және Израиль азаматы Мария Дубровская блог жүргізу арқылы табыс табады. Мәскеуде тұрған ол 21 ақпанда сүйіктісімен айырылысуға шешім қабылдаған және бұл Ресей қауіпсіздік кеңесінің отырысымен тұспа-тұс келген. 

"Бастапқыда қорықтым. Бірден елден кету туралы ойладым. Рубль құлдырады, банкоматтан ақша алайын деп едім, қолма-қол ақша бар деп көрсеткенімен, шын мәнінде ақша таусылып қалған. Мұнымен қоса жаңалықтар да ел ішінде дүрбелең тудырды", - деді Мария Дубровская.

Дубровская Минсктегі анасына хабарласып, елден кетуге кеңес берген. Ал өзі Арменияның Гюмри қаласына барыпты. Бірақ әрі қарай қайда барарын білмейді. 

Ойын құрастырушысы болып жұмыс істейтін Сергей қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін Ресейден кету туралы шешім қабылдағанын айтады. 

"Кеңес отырысынан кейін жұмысымызда қиындықтар болатынын түсіндік. Бірден жиналып, Кипрге аттанбақшы болдық, компания сол жақта тіркелген. Алайда рейстер аяқталып қалғанын білдік. Қазір Арменияға келдік, осында біраз уақыт боламыз. Өйткені жағдайды бағалау үшін уақыт керек", - дейді Сергей. 

Талқылау