"Бұғаттаймын": Мақпал Исабекова жүктілікке қатысты орынсыз кеңес беретіндерге ескерту жасады
Аяғы ауыр Мақпал Исабекова қазіргі уақытта желідегі оқырмандарынан жүктілікке қатысты түрлі хаттар алуда. Олардың басым дені әншіге ақыл-кеңестерін жазып, ырым-тыйымдар туралы ескертіп жатқан көрінеді. Әнші онсыз да секемшіл екенін айтып, орынсыз кеңес бермеуді өтінді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші онсыз да көңілшек, күмәнданғыш адам екенін айтты.
"Мен онсыз да секемшіл адаммын, ал қазіргі жағдайда тіптен күмәнданып тұрамын", – деді ол.