Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда балгерлер, көріпкелдер мен емшілер мәжбүрлі жұмыстарға жіберілмек

Тәжікстанда балгерлікпен, көріпкелдікпен айналысатындарға жаза күшейіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Елде "Дәстүрді, мереке мен рәсімдерді ретке келтіру туралы", "Ата-ананың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы", "Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы" және т.б. Тәжікстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтамауға байланысты бұзушылықтардың алдын алу бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тәжікстан Республикасының заңнамасына балгерлікпен, көріпкелдікпен, бойтұмарлар мен тұмарлар сатып, күн көретін алаяқтарға қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер енгізілді.



Енді олар алты айға дейін мәжбүрлі жұмысқа жіберіледі. Осы мақсатта Тәжікстанда бірыңғай тізілім құрылып, алаяқтықтың осы түрлеріне қатысы бар тұлғалардың деректерін енгізбек.

Бұған дейін Тәжікстанда бақсылық пен көріпкелдікпен айналысқандар тек айыппұлмен құтылатын.

Айта кетейік, қазақстандық әйелдер көріпкелге сенеміз деп үш миллион теңгесінен айырылған еді. 

Талқылау