Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – менің ішкі сенімім": Бишімбаев не себепті жедел жәрдем шақырмай, көріпкелге хабарласқанын айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Уразбахова Салтанат Нүкенова қауырт күйде жатқан кезде неліктен жедел жәрдемді емес, көріпкелді шақырғанын сұрады.

Трансляциядан скриншот

Адвокат 9 қарашада Бишімбаев хабарласқан көріпкелдің қайда тұратынын, оны қанша уақыттан бері білетінін және олардың бір-біріне кім болып келетінін айтты.

"Ол Шымкентте тұрады, 1,5-2 жылдан бері бизнес мәселелері бойынша хабарласып тұратынмын", – деп жауап берді Бишімбаев.

Бұдан кейін Жанна Уразбахова көріпкелдің медициналық білімі бар-жоғын анықтады. Сотталушы бұл туралы білмеймін, бірақ ол бұл әйелге "әрқашан сенетін" деп жауап берді.

"Олай болса,  басқа қалада жүрген, медициналық білімінің бар-жоғы белгісіз адамға не үшін хабарласқаныңызды түсіндіріп беріңізші? Ол қасыңыздағы әйеліңізге қашықтан қалай көмек көрсетуі керек еді?" – деп сұрады қорғаушы.

Ол Салтанатқа қандай көмек қажет болғанын білмегенін айтты.

"Ол ұйықтап жатты. Менің түсінігім бойынша, ол түс көріп жатты. Мен көріпкелге сенетінімді айттым, бұған дейін кейбір бизнесіме қатысты мәселе туралы сұрағанымда, ол әрдайым дұрыс жауап беретін. Мен оған сендім. Менің ойымша, Салтанат ұйықтап жатты және оның қаза болғанын көрсететін белгілер болған жоқ”, – деді Қуандық Бишімбаев.

Адвокат егер оның ойынша, Салтанат "жай ұйықтап жатса", көріпкелге не мақсатпен жүгінгенін сұрады.

"Оның көгерген жері үлкейіп бара жатты, бірақ сол жақтағы ол жарақат қайдан пайда болғанын түсінбедім. Шынымды айтсам, бұл мені алаңдатып қойды", – деді ол.

“Сонда да сіз жедел жәрдем шақырмай, көріпкелді шақыруды шештіңіз бе?” – деп сұрады адвокат.

"Оның қайдан, қалай пайда болғанын, не екенін, неге апарып соғуы мүмкін екенін білуді жөн көрдім. Ол: "Бәрі жақсы, кешке дейін ұйықтайды, шаршады, мас..." деді”, – деп жауап берді Бишімбаев.

"Сіздің ойыңызша, Шымкентте отырған адам бұл сұраққа қалай жауап беруі керек еді?” – деп сұрады Уразбахова.

"Мен оған сенетінімді айттым, бұл – менің ішкі сенімім", – деп қайталады сотталушы.

Бұған дейін сотта Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Бұдан бөлек экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған еді.

Талқылау