Бумен бактерияны жоятын шаңсорғыш, орын алмайтын ықшам кір жуғыш машина: Жаз мезгілінде әр үйде болуға тиіс 5 техника

Үйдегі тіршілік қайнап, күн ысып, терезелер жиі ашылып, шаң көбейетін мезгіл – жаз. Заман дамымай тұрған кезде үй ішін жиі жууға тура келетін. Оған адамдар уақытын, энергиясын жұмсайтын. Ал қазір мұның орнын ақылды техника толтырады. Кейінгі жылдары Қазақстандағы тұрмыстық техника нарығында "ақылды үй" сегментіне сұраныс айтарлықтай өсті. Осыған байланысты жазғы маусымда әр адамның өмірін жеңілдететін 5 техниканы іріктедік. Айта кетері, Dreame-дің жаңа модельдеріне арнайы промо-акциялар 16 сәуір мен 3 мамыр аралығында қолжетімді. Осы кезеңде ақылды техника сатып алып қоймай, қосымша жеңілдіктер мен пайдалы өнімдерді де бірге алуға мүмкіндік бар.
Робот-шаңсорғыш

Қазіргі робот-шаңсорғыштар едендегі қиқымды тазалап қоймай, жуып, үйді толық тазалай алады. Мысалы, жаңа буын құрылғыларының бірі – Dreame ұсынған X60 Ultra Complete. Бұл модель әлем бойынша робот-шаңсорғыштар арасында көш бастап тұр, яғни оған сұраныс жоғары. Өйткені, біріншіден, ол өте ақылды. Оны іске қоссаңыз ғана жеткілікті, ешкімнің көмегінсіз қызметін атқара береді, алдында шыққан кедергілерді айналып өтеді, ішіндегі суын өзі тазалап, жағдайға қарай өзі шешім қабылдайды. Бұл модель әсіресе үй жануарын ұстайтын отбасылар үшін ыңғайлы. Шаңсорғыш жануар жүні немесе басқа да қоқысты талғамай, шаң түріне байланысты автомат түрде тазалау режимін қоса алады.
X60 Ultra Complete модельінің ақылды екеніне бір мысал: ол айналасындағы кеңістікті алдын ала барлап, кедергілерді сол арқылы айналып өтеді. Ол мұны AI OmniSight™ жүйесі арқылы іске асырады, яғни әрқайсысы 120° болатын екі кең бұрышты камера 3D карта жасап, 10 миллиметрден бастап 280+ түрлі кедергіні анықтайды. Алдында сым тұр ма, қағаз ба, басқа ма, бәрін көріп тұрады. Робот қара дақтарды ғана емес, ашық түсті сұйықтықты, шаш пен ұсақ бөлшектерді де таниды. Соған байланысты құрғақ немесе дымқыл тазалау режимін өзі таңдайды.

Мұндай шаңсорғыш түрі, әсіресе, жазда маңызды. Сырттан келетін шаң мен құмды күн сайын тазалаудың қажеті жоқ, жүйе бәрін өзі реттейді. Оның үстіне X60 Ultra Complete шаңсорғышын 689 990 теңгеге алсаңыз, Z20 Essential жеңілдік бағамен аласыз.
Ықшам мөлшердегі робот-шаңсорғыш

Ал Dreame X60 Master моделі – флагмандық модельдер легінің ықшамдалған нұсқасы. Құрылғыда үй жинауға қажет барлық озық технологиялар біріктірілген. Ал ыңғайлы әрі ықшам дизайны заманауи интерьерге арналған. Модельде X60 Ultra Complete-тің барлық функционалы бар. Соның ішінде интеллектуалды навигация, автоматты қызмет көрсету мен ылғалды тазалау да қарастырылған. Ал оның ықшам базасын үйдегі жиһазға кіріктіруге мүмкіндік бар. Мұндай дизайнерлік шешім үйдегі әр шаршы метрді тиімді пайдаланғысы келетіндерге арналған.

Ал X60 Master шаңсорғышын 744 990 теңгеге сатып алсаңыз, бонус ретінде Z20 Essential тік пішінді шаңсорғышын сыйға аласыз. Осылайша 207 990 теңгеге дейін үнемдейсіз.
Бу функциясы бар жуатын шаңсорғыш

Жаз мезгілінде үйде гигиенаға талап күшейеді. Өйткені далада ойнап келген бала да, үй жануары да өздерімен түрлі вирус алып келуі мүмкін. Сол себепті қазір бу арқылы тазалайтын құрылғылар сұранысқа ие болып жатыр. Мысалы, Dreame Vacuum Wet and Dry H16 Pro Steam сияқты модельдер тек кірді кетіріп қоймай, бактерияларды жоюға көмектеседі. Ол бір уақытта бірнеше функцияны біріктіреді: дымқыл тазалау, шаңды сорып алу және бу арқылы өңдеу. Ондағы SaunaClean™ жүйесі 200°C-қа дейін бу береді. Соның арқасында майды, кепкен дақтарды оңай ерітіп, бактериялар мен вирустарды оңай жояды. Бұл – әсіресе ас үйде, көпбалалы және үй жануарын ұстайтын үйлер үшін өте қажет дүние. Оның еденде із қалдырмай тазалауға мүмкіндік беретін функциясы бар. Барлық шаруасын бітірген соң құрылғы өзін өзі толық тазартады.
H16 Pro Steam шаңсорғышын алсаңыз, қосымша тазалық үшін химиялық заттар қолданудың қажеті болмайды. Оның ақылды жүйесі судың көлемі мен қуатын автомат түрде реттеп, ластану түріне бейімделеді.

Айта кетері, H16 Pro Steam құрылғысын 517 990 теңгеге сатып алсаңыз, бонус ретінде HT30 Ultra жылытқышы беріледі. Осылайша 58 990 теңгеге дейін үнемдейсіз.
Кір жуатын машина
Жазда киімді жиі жууға тура келеді. Сондықтан қазір кірді жуып, кептіретін функциясы бір жердегі техника сұраныста. Мысалы, Dreame ұсынған L9 кір жуғыш және кептіргіш машина жинағы дәл сондай толық автоматтандырылған жүйе ұсынады. Бұл машина, әсіресе, шағын пәтерде тұратындар үшін тиімді. Өйткені ол көп орын алмайды.
AI Wash & Dry жүйесі киімнің көлемі мен түріне қарап, жуу мен кептіру режимін автомат түрде өзі таңдайды. Ақылды жүйесінің арқасында кірді терең тазартады, ал PressFree бу функциясы киімді тегістеп, үтіктеуді қажет етпейтіндей етіп шығарады.
Инверторлы жылумен кептіру жүйесі процесті жылдамдатып, электр энергиясын үнемдейді.

Сондай-ақ Dreame AI L9 жинағын арнайы 999 990 теңгеге алуға болады. Осылайша 94 990 теңгеге дейін үнемдейсіз.
Тік пішінді шаңсорғыш

Шаң түскен жерді күнде жиі-жиі сүртіп тұрған дұрыс. Ол үшін жеңіл тік пішінді модельдер, мысалы Z40 TangleCut Flex+ тиімді. Ол, әсіресе, ас үйді, жиһаздарды, кілемді жылдам тазалауға ыңғайлы.
Құрылғының икемді түтігі 90°-қа дейін бүгіледі, бұл жиһаздың астын оңай тазалауға мүмкіндік береді. Кілемде жиналып қалған шашты щеткамен жинаудың қажеті болмайды. Z40 TangleCut Flex+ моделінде алдында кездескен шашты кесіп тастайтын пышақ жүйесі бар. Бұл шаңсорғыштың сүзгі жүйесі еденді ғана емес, жалпы бөлмедегі ауаны да таза ұстауда көмектеседі.

Dreame-дің сізге арналған ұсынысы: Z40 TangleCut Flex+ шаңсорғышын 364 990 теңгеге алсаңыз, бонус ретінде HT30 Ultra жылытқышы беріледі. Осылайша 58 990 теңгеге дейін үнемдейсіз.
Біз ұсынған ақылды бес техника – әр адамның өмірінде жайлылықты арттыратын құралдар. Сонымен қоса, 2026 жылғы басты трендтердің бірі – жеке құрылғылар емес, толық экожүйе, яғни әркім “ақылды үй” жүйесі болғанын қалайды.
Бір ғана брендтің бірнеше құрылғысын қолдану оларды синхрондап, үйді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, робот-шаңсорғыш, кір жуатын машинамен бірге жұмыс істегенде, үй иесінің күнделікті тұрмыстағы жүктемесі азаяды.
Dreame туралы
Dreame Technology – 2017 жылы құрылған инновациялық компания. Ол жоғары технологиялық құрылғыларға маманданған және бүкіл әлемдегі пайдаланушылардың өмір сапасын жақсартуға ұмтыла отырып, ақылды үй экожүйесін дамытады.
Компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылыңыз:
https://www.instagram.com/dreame.kazakhstan/
https://www.tiktok.com/@dreame.kazakhstan
Ресми сайт: https://dreametech.kz/