Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт сүйіктісін кешкі асқа шақырудың ұтымды әдісін ойлап тапты

Британиялық студент  қызды кездесуге шағырудың өзіндік ұтымды әдісін ойлап тапты, – деп хабарлайды Daily Mail.

Ол сүйіктісіне «мінсіз» хат жазу үшін риторикадағы этос, пафос және логос категорияларын қолданған.

Джейктің сөзінше, ол сүйіктісі Ханнаны кездескісі келген. Алайда кездесуге шақырудың дұрыс жолын білмеген. Басы қатқан жігіт университеттегі профессордан көмек сұрайды. Өз кезегінде профессор сендіру әдісі мен этос, пафос, логос риторикалық категорияларын қолданып көруге кеңес берген.

Джейк профессормен бірге Ханнаның өмірін зерттей бастаған. Олар бойжеткеннің жаңа пәтерге көшіп жатқанын, көп жұмыс істейтінін, қытай тағамын сүйіп жейтінін және ит асырайтынын байқаған. Мұнан кейін Джейк сүйіктісіне хат жазған.

«Сәлем! Сені артық мазалағым келмейді. Бірақ жұмыстан кейінгі кештің жағымды өткенін қаласаң немесе жаңа пәтерге көшкеннен кейін «тірі» қалу үшін, аздап жүрек жалғағың келсе, кешкі асқа шақырамын. Бұл итіңмен танысуға тамаша мүмкіндік болар еді. Сондықтан кешкісін кездесуді ұсынамын», – деп жазады хатта.

 

Мұндай хаттан кейін Ханнаның ұсынысты қабылдағаны еш таңдандырмайды.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда қолы жоқ ер адам мүгедек анасын асырап отыр

Германия тұрғындары Қазақстаннан естелік ретінде татуировка жасатуда

Жат планеталықтар мекен ететін галактика белгілі болды

 

Талқылау