AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияға қоныс аударған қазақстандықтар Отанынан естелік ретінде татуировка жасатуда

Қазақстан жерінде дүниеге келген Германия жастары арасында Отанын еске салатын татуировка жасату сәнге айналған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда туылған 24 жастағы Никлас Вервекин биылғы жылы кәсіптік лицейдегі оқуын тәмамдап, Северный Рейн-Вестфалия жерінің Клеве қаласындағы құрылыс компаниясында прораб ретінде қызмет ете бастаған. Ол оң қолына Павлодар қаласының координаты және «NV» ныспысы бейнеленген татуировка жасатқан.

«Мен бұрыннан бері татуировка жасатуды қаладым. Кәсіптік лицейге оқу түскен кезде арманымды жүзеге асырамын деп шештім. Өмірімде алғаш рет жасатып жатқан татуировканың өзіндік мағынасы болуы мен үшін аса маңызды еді.  Сондықтан кім екенімді және туған жерімді аңғартатын татуировка жасатуды ұйғардым. Мұнда менің жұлдызнама белгім Тауешкі бейнеленген. Оның төменгі жағынан Павлодар қаласының координатын көре аласыздар.  Ал оң жағындағы ныспым менің және ата-анамның кім екенін аңғартады. Осылайша менің татуировкам үш бірдей мағынаға ие болды. Денеме мұндай сурет салғызбас бұрын татуировка  шеберіне өз ойымды жеткіздім. Ол менің көңілімнен шыққан суретті таңдап берді», – дейді Никлас Вервекин.

Никлас Қазақстаннан Нерманияға 3 жасында қоныс аударған. Ал оның жиені Илона Бенкендорф Германияға бір жасында көшіп келген.

Илона Бенкендорф білегіне Қазақстан кескіні бейнеленген татуировка жасатқан. Ақылға қонымды көлемдегі сурет өздігінен трендке айналған.

Илона Павлодар жайлы ештеңе есінде қалмағанын айтады. Туған жері туралы тек туыстарының әңгімесінен біледі екен. Алайда Қазақстанда дүниеге келгенін аңғартқысы келгені сонша, денесіне татуировка жасауды ұйғарған.

Илона мен Никлас достарының арасында татуировкаларын көрсетіп, суретке түседі. Сөздерінше, олар бұл әрекетінен еш қымсынбайды да. Керісінше жыл өткен сайын Отанымен арадағы байланыс күйшейіп келетін көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Жат планеталықтар мекен ететін галактика белгілі болды

Табытта жатқан мәйіт «тыныс алып», қайта өлген

Еуропада қақталған қырықаяқ пен қуырылған бүйіні жеуге рұқсат етілмек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр