Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Q-pop дегеніміз — сахнаға боянып шығып, сырға тағу емес: Продюсерлер күтпеген мәлімдеме жасады

Q-pop жанрында ән салатындар енді сырға тағып, шашын боямайтын болды. Бұл туралы топ продюсерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

кюпоп

Алматыда болатын Q-fest жобасына қатысты баспасөз маслихаты өтті. Жиынға бұл бағыттағы белгілі продюсерлер қатысып, алдағы болатын жоспарларын бөлісті. Шешім қабылдап, топтардың басын біріктірген продюсерлердің қатарында Ерболат Беделхан, Руслан Хван,  Динара Усенова бар. Арнайы ассоциациясын құрған продюсерлер Q-pор жанрының болашағын қызу талқыға салып, орын алған өзгерістермен бөліскен.

"Біздің мақсатымыз музыканы дамыту. Жастарға қазақша заманауи музыка сыйлау. Бұл ассоциацияға кім кіргісі келеді, бәріне ашық болады. Өзіміздің жетістігіміз және тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз", - дейді Ерболат Беделхан. 

Сонымен қатар, Madmen тобының продюсері Руслан Хван Q-pор бағытындағы әншілердің сахнаға бұрынғыдай боянып шықпайтынын айтып, Q-pор боянған жасөспірімдердің сахнада ән салуы емес екенін түсіндірді. Продюсер қазақ музыкасы мен кәріс музыкасын салыстырмауды сұрады. 

"Q-pор жанрын осыған дейін бәрі К-рор-пен шатастырып келді. Ал қазір екеуі екі түрлі бағыт екенін айтқым келеді. Бұл жанр қатты өзгеріп кетті. Қазір Q-pор боянған жасөспірімдердің сахнада ән салуы емес, мүлдем бөлек. Нағыз Q-pор енді басталды. Тіпті қазір ешкім кәріс музыкасымен салыстыра да алмайды. Өйткені, әуен басқа, берілу жолы басқа. Бастапқы жылдары салыстырғанымен, қазір салыстыруға келмейді", - дейді Руслан Хван. 

Талқылау