"Борат" фильмінен үзіндіге ұқсайды": Нұр-Сұлтанда төбеге көтерілген сиыр жайлы шетелдік басылымдар жаза бастады
Нұр-Сұлтанда құрбандық шалу үшін кранмен көтерілген сиыр жайлы шетелдік басылымдар жаза бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ағылшын Daily Mail басылымында кранмен көтерілген мал жайлы мақала жарық көрді. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, биіктіктегі сиыр "Борат" фильмінің үзіндісіне ұқсас.
Бұған қоса, мақалада сиырды құрбандыққа шалу үшін көтерілгені де айтылыпты.
"Құрылыс басшысы сиырды әуеге көтеріп, құрбандық шалмақшы болған. Оның ойынша, осылайша, құрылысқа жақсы жұмыскерлерді тартуға болады екен", - деп жазады Daily Mail басылымы.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде таралған "ұшқан" сиырдың видеосын қызу талқылаған еді. Өз кезегінде сиырды көп қабатты үйдің шатырына дейін көтергендер әрекеттерін құрбандық шалып, жұртқа таратпақ болдық деп түсіндірген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"