Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Борат-2" Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Саша Барон Коэн түсірген "Борат-2" Гиннестің рекордтар кітабына Оскар тарихындағы ең ұзақ атауы бар фильм ретінде енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фильмнің толық атауы "Borat Subsequent Moviefilm: Delivery of Prodigious Bribe to American Regime for Make Benefit Once Glorious Nation of Kazakhstan"  ("Борат туралы келесі фильм: Бір кездері даңқты Қазақстан халқының пайда табуы үшін америкалық режимге үлкен пара беру").

Еске салайық, "Борат-2" фильмінің премьерасы 2020 жылдың 23 қазанында Amazon Prime-де өтті. 

15 наурызда "Борат-2" фильмі "Оскар-2021"сыйлығының номинанттары қатарына енді. Картина бірден екі номинацияда ұсынылды.

1 наурызда "Борат 2" фильмі бірден "Алтын глобус" сыйлығының екі мүсінін жеңіп алды.



Фильмнің шығуына орай Қазақстан мен әлемнің әртүрлі елдерінде наразалық білдірді.

Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингке шықты. Қазақстандық әншілер де Қазақстан үкіметінен Мемлекеттік туды қорлаған Боратқа қатысты шара қолдануды талап етті.

Дегенмен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне қатысты наразылық нота жолдау мағынасыз екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, "Борат" кинокартинасының бірінші бөлімі 2006 жылы шыққан, оны Қазақстанда көрсетуге тыйым салынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр