"БөпеFair": Астанада отбасылық ойын-сауық фестивалі өтті

Балалар мерекесіне орай Астанадағы "Жетісу" саябағында "БөпеFair" отбасылық ойын-сауық, танымдық фестивалі өтті. Екі күн қатарынан таңертеңнен кешке дейін ұйымдастырылған іс-шара елордалық балалар мен олардың ата-аналарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жетісу" саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде өтетін фестиваль екі күнде де таңғы йогамен басталды. Би ансамблінің өнерімен ашылған іс-шара одан әрі ұлттық киімдердің сән үлгісін көрсетумен жалғасты. Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес "Жөргектегі балалар жарысы", "Балалар арбасымен жарыс" байқаулары, кидбург, би кеші өтті. Екінші күнінде "Арт-жүкті әйелдер", "Mrs.Bope Fair 2025" байқаулары, "Хазар" лезгинка би мектебінің өнері, Гәкку, "Алтын ұрпақ" көрсетілімі ұйымдастырылды.

Саябаққа мереке күні келген халықтың қарасы қалың. Балаларын ерткен елордалықтар мен қала қонақтары әр түрлі іс-шараларға қатысып, мәз-мейрам болды.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты