Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөліп-жармаймын": Алтынай Жорабаева анасы мен енесін көрсетті

Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева анасы мен енесінің фотосын жеке парақшасына жариялап, туған күндеріне құттықтау тілек жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Өнер иесі қос анасына жан тебірентерлік жазба жариялады.

“Қос анамның туған күні. Екінші анамның туған күні – 10 қаңтар. Анашымның туған күні –15 қаңтар. 10 қаңтар күні Аминамызды перзентханадан шығарып едік. Әжесі қатты қуанды. Инстаграмға екеуін бөліп-жармай бірге құттықтауды жөн көрдім. Қос анамның бір-біріне деген сыйластығы өте жоғары болғандықтан, тіпті бөлек елестете алмаймын. Туған күндеріңіз құтты болсын! Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! Көрінген ұл-қыздарыңыздың, немере, шөберелеріңіздің тек қуанышын, қызығын көріңіздер!”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары қос ананың бір-біріне қатты ұқсайтынын жазып жатыр.

“Бір-біріне қатты ұқсайды екен”, “Апалы-сіңілі, бір үйдің қыздары сияқты”, “Екі апама Алла ұзақ ғұмыр берсін! Дендері сау болсын. Өте тамаша кісілер, бұрынғының әңгімесін айтып, батасын беріп, нан мен сыр беріп, шайын ұсынған апаларым ғой. Жұмыс ешқайда кашпайды, келіңдер шай ішіп алыңдар. Бірінші біз сендерді тойдырайық , сосын сендер бізді тойдырасыңдар деп” қалжыңдайтындары да әдемі”, – дейді әншінің тыңдармандары. 

Еске салайық, өнер иесі жақында бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, перзентханадан шыққанын жазған едік. 

Талқылау