Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аудан емес, бір облыс адамы жиналғандай болды": Болат Назарбаевтың ұлына арнап берген көкпары туралы Шардара тұрғындары әсерлерімен бөлісті

Жақында ғана елбасының туған бауыры Болат Назарбаев Түркістан облысы Шардара ауданында дүркіретіп дүбірлі көкпар берді. Ұлан-асыр тойға эстрада жұлдызыдары, әзілкештер мен айтыскер ақындар шақыртылып, құны миллиондаған сыйлықтар таратылған. Stan.kz тілшісі көкпарға қатысқан палуандар мен тамашалаған тұрғындардан көкпардың қалай өткені туралы сұрап білді. 

кокпар

Көкпарды тамашалған Шардара ауданы тұрғынының айтуы бойынша көкпар өте жоғары деңгейде өткен. 

"Адам мен аттың санында есеп жоқ. Бір аудан емес, бір облыс адамы жиналғандай болды. Киіз үйлер тігіліп, тамақтар тегін таратылып, астатөк жиын болды. Жұлдыздар да келді. Олардың ішінде Балғынбек пен Сара айтысты, Уәлибек пен Жүсіп өнер көрсетті, әншілерден Мақпал Жүнісіова мен Қайрат Нұртастың әнін тыңдадық. Басында халық кішкене жабайыланып, әдептен озды. Суға таласқан қойдай, тамақ таратылып жатқанда жетпей қалатындай ұмтылып еді, кейін сабасына түсіп, мәдениеттілік сақтады. Салымның ең төмені 300 000-нан басталып, 500 000-ға дейін жетті. Су жаңа "Нива" маркілі көліктен жетеуі тігілді. Бұдан бөлек жағдайы нашар, тұрмысы төмен 10 отбасына 1 миллион теңгелік жәрдемақы берді. Жалпы, халық риза", - дейді ұлан-асыр көкпардың ұйымдастырылу деңгейіне тәнті болған тұрғын. 

 

Көкпарды арнайы тамашалуға Алматыдан келген азамат дүбірлі доданың куәсі болуға Қазақстанмен қоса алыс-жақын шет елдерден - Қырғызстан, Өзбекстаннан келгендер болғанын айтады. 

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді (фото) >>>

"Көкпар жақсы өтті. Бүкіл ауданның тойы болды. Мыңнан аса ат келді. Ақшалай жүлде қоры жалпы есептегенде 15 000 000 теңге қаражатты құрады. Халық аман-есен тарқады. Елдің тойы болды. Көкпаршы жігіттер бұйырған салымдарын салды. Көзге түскен палуандар: Ғалымжан мен Жомарт болды. Ақшалай жүлдемен қоса автокөлік ұтып алды", - дейді көкпар десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйер. 

Осы көкпарда жас та болса, өз күші мен шапшаңдығын көрсете білген палуан Жомарт Кеңесбек дүбірлі доданың қызығымен бөлісті: 

"Нағыз ер жігіттің күші сыналар көкпарға кішкентайымнан қызығамын.16 жасымнан бастап додаларға қатыса бастадым. Бұл - менің кәсібім емес, көкпарға деген құмарлық және қызығушылық. Осы жолғы көкпардың жөні бөлек болды. Алла абырой беріп, салым салу бақыты бұйырды. Мен 300 000 теңге иеленсем, ағам 2 көлікті қанжығасына байлады", - дейді жас палуан. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда мәйітхана қызметкерлері 10 жастағы қыздың денесін өзге адамдарға беріп жіберген

Мәйітті алғандар сөмкені ашпағандықтан басқа қыз екенін білмепті

Соңғы уақытта парадан бас тартқан: БҚО-да шенеунік әйелді жасырын түрде видеоға түсірген

Парадан бас тартып, жазадан құтылды

Министр Абаев: Мен өзім қайтыс болған соң дене мүшемді алуға келісім беремін

Абаев: Ешқандай дінде донорлыққа тыйым салынбаған

"Басқа әкімнің керегі жоқ": СҚО-ның ауыл тұрғындары басы дауға қалған ауыл әкімннің қызметіне қайта оралуын талап етті

Ауыл тұрғындары әкімге сөз жуытпады

Алматыда ата-анасы қайтыс болған соң балалар үйіне түскен бүлдіршін жоғалып кетті

Бала 4 күннен бері іздеуде

"Марат Омаровтың сүйіктісімін": Шымкентте адам өлтірген әйелдің әншіге қандай қатысы бар

Сотталушы мас күйінде адам өлтірді

Олимпида-2020-ға Қазақстанның атынан екі ауыр атлетші ғана қатысады

Қазақстанға 2016 жылы орын алған допингтік шудан кейін шектеу қойылған

Саясаткер Путинді сотқа берді

Навальный Путиннің әрекетін заңсыз де тануды қалайды

Алматыдағы нан бағасы жаңа жылдан кейін көтерілуі мүмкін

Сарапшылардың айтуынша, қордағы ұн мөлшері ақпан айына дейін жететін көрінеді

"Қырықтан асқанда таяқ жеген жаман екен": Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен неліктен ажырасқанын айтты

Әнші: Басымнан ауыр соққы алдым. Емханадан бір-ақ шықтым
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр