Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді (фото)

Бүгін Алматы облысы Шамалған ауылында әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы отбасылар мен мүгедек жандар жаңадан салынған 17 жеке тұрғын үйдің кілттеріне ие болды.

Фото: Айнаш Өндіріс

Тұрғын үй кілттерін осы үйлерді өз қаражатына салған «BN INVEST» қаржылық-өндірістік компаниясы» ЖШС президенті Болат Назарбаев табыстады.

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді

Баспана иелерін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді

Орталықтандырылған газ, су жүйелеріне қосылып, электрмен қамтамасыз етілген әр үйдің аумағы 120 шаршы метрді құрайды.

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді

Айта кетерлігі, аталмыш тұрғын үйлерге су жүйесін жүргізу барысында игі істің шарапаты өзгелерге де тиіп, құрылысқа жақын орналасқан тағы 75 үй де орталықтандырылған су жүйесіне меценат есебінен қосылған.

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді

Бизнесмен мемлекеттік “Туған жер” бағдарламасы аясында жерлестеріне осындай көмек көрсетіп отыр.

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді

Ауылда тұрғызылған 17 үйге 124,5 миллион теңге қаражат жұмсалған екен.

Болат Назарбаев Шамалған ауылында баспанасыз жүргендерге үй салып берді

Бұдан бөлек 35 миллион инженерлік коммуникация жұмыстарына берілгені белгілі болды.

Талқылау