Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының капитаны анықталды

Қазақстан бокс құрамасы Белградта өтетін әлем чемпионатына аттанбақшы. Құраманың капитаны тағайындалды және спортшылар ресми түрде ант берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап. 

бокс құрамасы

Әлем чемпионатына барлығы 13 боксшы іріктелінген. Қазақстан құрамасының капитаны ретінде екі Олимпиада ойындарының қатысушысы Абылайхан Жүсіпов болды. 

Команда құрамындағы өзгерістерден бөлек, жаттықтырушылар штабы да өзгерген. Мәселен, Нүркен Андасов құраманың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Ғани Ашкеев, Талғат Жалпеков, Мақсат Бақтыбазаров, Асқар Еркебаев, Александр Насибуллин, Нұржан Насанов штаттық жаттықтырушы болды. 


АҚШ-тағы кездесуден бас тартты: Елеусінов пен Дычконың келесі жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі болды


Әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларына тең. Жеңімпаздар 100 мың доллар, күміс жүлдегерлер 50 мың доллар, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады. 

Бокстан ерлер арасындағы чемпионат 24 қазаннан 6 қарашаға дейін болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Қамшыбек Қонқабаевтың кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастағаны туралы хабарлаған едік. 

 

Талқылау