Боксшы Руслан Мәдиев қарсыласын нокаутқа жіберіп жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіби рингте жеңіске жетті.
Бұл туралы «SPORTINFORM» спорттық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тастин қаласында өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық боксшы Руслан Мәдиева мексикалық Мартин Анхель Мартинеспен жекпе-жекке шықты. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек 4 раундқа созылды. Руслан Мәдиев қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы11-інші жеңісі. Ал Мартинес кәсіби рингте 14-інші рет жеңіліс тапты.
Оқи отырыңыз:
Канадалық хоккейші мұз алаңында құрбан шалған астаналық командаға таңғалды
Головкин «Канеломен» қарымта кездесуге дайындықты бастап кеткенін айтты
«Канело» Головкинмен қарымта кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа оралды
Танымал көріпкел Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі қалай аяқталатынын айтты