БҚО-да кәсіпкерді өз тапаншасымен атып кеткен
БҚО-да кәсіпкерге өз тапаншасынан оқ атқан. Күдікті әлі ұсталған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"Ер адамның мәйіті Ихсанов көшесінде орналасқан үйінің кіреберісінен табылды. Кәсіпкердің басынан оқ атылған. Үй ауласынан белгісіз маркалы қару табылды. Мәйіт Оралға мәйітханаға сот-медицина сараптамасын жүргізуге жіберілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде", – деп хабарланды ведомстводан.
Күдікті әлі анықталмаған.
"12 калибрлі ИЖ-18Е тегіс ұңғылы қару тіркелмеген. Кәсіпкердің әйелінің айтуынша, ол марқұмға тиесілі болған. Қаруды ол үйінде сақтаған. Тергеудің өзге мәліметтерін жария ете алмаймыз", – деді Бөрлі аудандық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Арман Макбузов.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?