Шымкентте 17 жастағы бозбала 19 жастағы жігітті қатігездікпен өлтірді
Шымкентте 19 жастағы жігіт төбелес кезінде қайтыс болды. Полицейлер бозбаланы қатігездікпен өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өліммен аяқталған қылмыс оқиғасы 26 шілдеге қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті үшкір затпен (болжам бойынша бұрағыш) екі соққы жұмсаған.
Алған жарақатының салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Құқық қорғау органдары күдіктіні қолға түсірді. Кей деректерге сәйкес, оның жасы небәрі 17-де.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүруде.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген