Атырауда төрт баланың ата-анасы өлі табылды
Атырауда тергеу органдары ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеу бастады. Олардың төрт баласы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, марқұмдардың мәйіттері жалдамалы пәтерлерінен табылған.
25 шілдеде әйелдің анасы дабыл қағып, қызының есікті ашпайтынын мәлімдеген. Төтенше жағдайлар бөлімінің кезекші бөлімі есікті ашу кезінде 1996 жылы туған әйел және 1992 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан.
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. "Интерфак-Қазақстан" агенттігінің мәліметінше, әйел қылқындырып өлтірілген, ал ер адам асылып қалған.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті