AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда екі жүргізуші арасында туындаған жанжал адам өлімімен аяқталды

Маңғыстау облысының Жаңа Дәулет ауылында жол бойында екі жүргізуші арасында орын алған жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап.

жүргізуші

Оқиға 2022 жылдың 22 шілдесінде болған. Қақтығыстың мән-жайы облыстық полиция департаментінде айтылды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 шілде күні сағат 20:15-те Мұнайлы аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне Жаңа Дәулет кентінде көлік жүретін жол бойында дене жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сол күні аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері ауылдың 67 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.

"Алдын ала болжам бойынша, іске қатысты ер адамдар арасында жол беру мәселесі бойынша жанжал шыққан. Күдікті эмоцияға беріліп, көліктен түсіп, 67 жастағы жүргізушіні соққыға жыққан. Алған жарақаты салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды", – деп хабарлады облыс полициясы.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр