БҚО-да ауыл тұрғындары қасқырды ұстап алды
БҚО-да Бөкейорда ауданының тұрғындары қасқырды ұстап, видеоға түсіріп алды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жыртқыш шопандар жүретін орынға жиі келіп тұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеп хабарлайды.
Ақылды қасқыр адамдар құрған қақпаннан қашудың жолын тапқан. Әйткенмен тұрғындар оны қарда жүретін көліктің көмегімен ұстап алды.
Мамандар аймақта биыл қыстың жылы болуына байланысты қасқырлардың көбейгенін айтады. Азық іздеген жыртқыштар адамдар жүретін жерлерге жиі келетін болған. Үй малына шабуыл жасаған жағдайлар да тіркелген.
Айта кетейік, биыл БҚО-да қасқырларды атуға лимит қойылды. Олардың санын 196-дан асыруға болмайды. Ал жалпы облыста 1000-ға жуық қасқыр бар. Жыртқыштар малға шабуыл жасаса немесе адам тұратын жерге кірген жағдайда, оларды атуға рұқсат етілген.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр