Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжай табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжайды тапты. Аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 3 азаматы ұсталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Процессуалды шаралар нәтижесінде 24 түп апиын көкнәрі мен 2 түп қарасора тәркіленді. Олар гидропоника әдісімен өсірілген. Сонымен қатар 2 келі кептірілген марихуана табылды", – делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.
2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды облысында есірткі сатумен шұғылданған үш азамат тұтқындалған. Олардың екеуі Саран қаласының азаматтары.
"Есірткі заттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсіріліп, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау мен Сарань қалаларында сатылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 келі гашиш пен 52 келі марихуана заңсыз айналымға жіберілмеді", – деп қосты ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.
Қазір іс сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"