Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында браконьерлер инспекторларға оқ жаудырды

Батыс Қазақстан облысында браконьерлер қарсылық көрсетіп, инспекторлардың қызметтік көлігіне оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы экология министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

16 ақпанда Казталов ауданы Жұлдыз ауылында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында инспекторлар "Боран" маркалы қарда жүретін көліктің ізін тапты. Ескертулерге бағынбаған браконьерлер қызметтік көлікке 10-ға жуық оқ жаудырған.

"Сонымен қатар көліктің алдыңғы дөңгелектеріне оқ тиіп, бампері зақымданған. Инспекторлардың қызметтік қарудан ескерту оқтарына қарамастан, браконьерлер БҚО-дағы Жанғала ауданы Новоказанка ауылына қарай қашып кеткен", –  делінген хабарламада.

Оқиға орнына Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Қызылорда облысында да браконьерлер инспекторлардың көлігіне оқ жаудырып, Қызыл кітапқа енген өлтірілген жануарды алып қашпақ болған.

Талқылау