Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді тастап кетті деп ойладым": Луина бес жасында анасының із-түссіз жоғалып кеткенін айтты

Отандық әнші Луина туған жері Астрахань қаласына барып, жақындарымен көрісіп қайтты. Өнер иесі көпшілікке жоғалып кеткен анасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/luinaofficial

Әнші оқырманына балалық шағы өткен көпқабатты ескі үйді көрсетті.

“Бұл үйде мен, анам және ағам үшеуіміз тұрғанбыз. Анам үйден шығып, оралмады. Өкінішке орай, әлі күнге дейін анамның қайда екенін, оған не болғанын бұл өмірде бар-жоғын білмейміз. Анам жоғалып кеткенде мен 5 жаста едім. Сол кезден бастап үйдің кішкентай ерке қызы есейген, жасық әрі момын қызға айналды. Мен қатты толқып кеттім. Мұнымен жұмыс істеп, жылап, ішімдегін айтып, шер тарқатып, ұмыту қажет. Мен кішкентайымнан бойжеткенге дейін анам бізді тастап кетті деп ойладым. Есейіп, ақыл тоқтатқанда анамның ағам екеуімізді қатты жақсы көргенін және бізді тастап кетуі мүмкін еместігін түсіндім”, – дейді Луина.

Анасының хабарсыз кеткен күні әншінің әлі күнге дейін есінде.

“Не болғаны бір Құдайға ғана аян. Мен кішкентай кезімнен анамның қалай жоғалып кеткені туралы көп оқиғаны естіп өстім. Анам хабарсыз кеткен түн әлі есімде. Мен 5, ағам 9 жаста еді. Біздің жылағанымыз, ағамның оны үйдің жан-жағынан іздегені, мені жұбатқаны есімде. Ол анамның суретін ас үйге қойып: “Анашым, қайта оралшы, өтінемін. Мен ыдысты жуамын” деп айтқандары да құлағымда. Сол жағдай Асқарға қиынға соқса керек, себебі ол ес білетін жігіт еді. Бұл жаққа қайтып оралғым келмейтін сияқты”, – дейді әнші.

Талқылау