Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкектегі наразылықтар: Бір адам қаза тапты

Бішкектегі халық толқуларының нәтижесінде бір адам қаза болды. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ер адамды Ұлттық ауруханаға алып келген, бірақ ол алған жарақаттарынан көз жұмды.

Денсаулық сақтау ұйымдарына Ала-Тоо алаңынан зардап шеккен 590 адам жүгінді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен 439 адам амбулаториялық емделуге жіберілген. Тағы 150 адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр, 13 адам реанимацияда.

Еске сала кетейік, Ала-Тоо алаңында 5 қазанда оппозициялық күштердің наразылық акциясы өтті. Парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысына наразы 3-4 мың адам жиналды. Ақ үйдің қақпасына шабуыл жасамақ болғаннан кейін полиция мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс басталды. Түнде наразылық білдірушілер Ақ үйді басып алды.

Түнде наразылық білдірушілер басып алған Ақ үйде өрт болды, ол төртінші қабаттағы кабинеттердің бірінде басталып, кейін күшейе бастады. Өрт басқа жерлерге таралды.

Талқылау