Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мәскеуде жүргенде, Астанада "Отан Анаға" гүлді Бектенов, Әшімбаев және Қошанов қойды


Астанада Жеңіс күніне орай ел басшылығы соғыс құрбандарын еске алды. Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жеңіс күніне орай Астанада арнайы шара өтті. Елдің жоғары лауазымды тұлғалары Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов "Отан Ана" монументіне барып, гүл қойды.

Олар соғыс жылдарында қаза тапқан майдангерлерді, тылда еңбек еткен жандарды және барлық құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді", – делінген үкімет хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысатыны туралы жазған едік. Кремль Қазақстан президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сондай-ақ сапар аясында Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі де жоспарланған. Кездесуде Ресей президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

Stan.kz
Сенбі, 09 Мамыр, 2026 11:19