Қазақстанда талапқа сай келмейтін құрылыс компанияларының лицензиясы жаппай тоқтатылуы мүмкін – Бектенов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Қазақстанда құрылыс саласындағы лицензияларға қатысты тәуекелге негізделген "нүктелік тазалау" жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің айтуынша, бұған дейін берілген барлық лицензияларды жаппай қайта тексеру тиімсіз, сондықтан үкімет тек тәуекел белгілері бар компанияларға назар аудармақ.
"Бұрын берілген барлық лицензияларды қайта тексеру оңтайлы тәсіл емес. Соған қарамастан, үкімет автоматтандырылған реестр, бас прокуратура, қаржы мониторингі агенттігі және өзге де дереккөздер негізінде лицензия иелеріне тәуекелге бағытталған талдау жүргізеді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін субъектілер бойынша нүктелік бақылау шаралары басталып, заңнамаға сәйкес лицензияны тоқтату, кері қайтарып алу немесе күшін жою шаралары қабылданады", – деді Бектенов.
Оның сөзінше, жаңа Құрылыс кодексі лицензиядан кейінгі бақылауды күшейтіп, формалды тексерістен нақты сәйкестікті тұрақты мониторингке көшуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты 2026 жылғы 21 сәуірде тиісті бұйрықпен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында автоматтандырылған реестр жүргізу қағидалары бекітілген.
Аталған реестрде лицензия иелерінің инженерлік-техникалық мамандары, өндірістік базасы, материалдық-техникалық жабдықталуы, жүзеге асырылған жобалары, рұқсаттардың мәртебесі және олардың тоқтатылу немесе қайтарып алыну негіздері туралы мәліметтер қамтылады.
Тексеру процесі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы жүргізіледі. Егер заңбұзушылық анықталса, алдымен оны жою туралы ескерту беріледі. Ал талаптар орындалмаған жағдайда лицензияны тоқтату немесе күшін жою шаралары қабылданады.
Сонымен қатар, бас прокуратура тарапынан заңсыз берілген құрылыс лицензияларына қатысты тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша үкіметке ұсыныс енгізілген.
Премьер-министр қазір мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының (ГАСК) функциялары жергілікті атқарушы органдарда сақталғанын атап өтті. Бұған дейін бұл өкілеттіктерді орталық органға беру мәселесі қаралғанымен, жаңа Құрылыс кодексінде қолданыстағы модель өзгеріссіз қалған.
ОқыңызҮкімет құрылыс саласындағы ашықтықты арттыру үшін e-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізіп, нысандарды пайдалануға қабылдау, тексеру және мемлекеттік сатып алу процестерін цифрландыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл шаралар саладағы жемқорлық тәуекелдерін азайтып, бақылауды күшейтуге бағытталған.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және футболшылардың қатысуымен іргетасы қаланған жаңа футбол стадионының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Алғашында жобаға 20,9 гектар жер телімі бөлінген. Кейін жобалау барысында қосымша 6,24 гектар жер қажет болған. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін сатып алу процесі уақыт алып, құрылыстың басталу мерзіміне әсер еткен. Құрылыс жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Бас мердігер ретінде "Qazaq Stroy" ЖШС таңдалған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?