Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысып, "Белгісіз жауынгер" басына гүл қойды (видео)

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті  Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

"Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысатыны туралы жазған едік. Кремль Қазақстан президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сондай-ақ сапар аясында Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі де жоспарланған. Кездесуде Ресей президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

Айым Атамбаева
Сенбі, 09 Мамыр, 2026 15:14