Алматыда рэпер De Lacure-ге қатысты тексеріс аяқталды: Іс қозқалмаған

Фото: De Lacure-дің желідегі парақшасынан
Полиция қазақстандық рэпер De Lacure-дің шоу барысында айтқан даулы оқиғасына байланысты тексерісті аяқтап, қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полиция департаменті рэпер De Lacure (Ануар Баймұхаев) төңірегінде әлеуметтік желілерде тараған даулы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын аяқтады.
Полицияның мәліметінше, әртіс берген түсініктемеде оқиғаның әлеуметтік желілерде бұрмаланып таралғанын айтқан.
"Тексеру барысында әртіс баяндаған оқиға әлеуметтік желілерде қате интерпретацияланғанын хабарлады. Оның айтуынша, зорлық сипатындағы әрекеттер орын алмаған. Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылық фактісін растайтын объективті деректер анықталған жоқ", – деп хабарлады полиция.
Ведомство хабарлауынша, әртіс өз сөзінің әлеуметтік желілерде бұрмаланып таралғанын айтқан. Оның түсіндіруінше, айтылған оқиғада ешқандай зорлық әрекеті болмаған.
Айта кетейік, дау "Мне стыдно" атты YouTube шоуынан кейін туындаған. Бағдарлама жүргізушілерінің бірі Зарина Байболова подкастта эфирге шықпай қалған шығарылым туралы айтып, қонақтың "зорлау туралы жиіркенішті оқиға" баяндағанын жеткізген. Мәлімдеме желіде кеңінен тарап, көпшілік арасында талқылауға түсті.
Кейінірек Байболова әлеуметтік желіде түсініктеме беріп, түсірілім кезінде команда жағдайды дұрыс бағалай алмағанын мойындап, кешірім сұрады. Оның айтуынша, оқиғаның шынайы не ойдан шығарылғаны сол сәтте түсініксіз болған.
Өз кезегінде De Lacure оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, зорлық-зомбылықты ешқашан қолдамайтынын атап өтті. Оның айтуынша, сөз болған жағдай жасөспірім кезінде болған және ешқандай қылмыстық әрекет болмаған.
Заңгерлер мұндай жағдайларда жария айтылған мәлімдемелер құқықтық тексеріске негіз бола алатынын айтады. Алайда қылмыстық іс қозғау үшін нақты дәлелдер мен жәбірленушінің арызы қажет. Қазір тексеру шаралары толық аяқталып, қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталмағаны ресми түрде хабарланды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар рэпер De Lacure досы зорлық жасағанда қарап тұрған деп санап, оған бойкот жариялағаны хабарланған еді.
Желіде тараған дерекке сүйенсек, рэпер достарымен бірге серуендеп жүрген кезде көмек сұраған айғайды естіп, дене жарақаты бар әйелді көргенін айтқан. Олар оған көмектесу үшін жақындап, есін жиюға және өзін ретке келтіруге көмектескен көрінеді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз