Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім токқа түсіп, 18 метр биіктіктен құлап аман қалды

Фото: magnific.com

АҚШ-тың Саффолк қаласында 15 жастағы жасөспірім жоғары кернеулі электр желісіне шығып, токқа түсіп, шамамен 18 метр биіктен құлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Wavy.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр жарақат алғанына қарамастан, ол аман қалып, қазір Children’s Hospital of the King’s Daughters ауруханасында ем алып жатыр.

АҚШ-та жасөспірім жоғары кернеулі электр желісіне өрмелеп, токқа түсіп, 18 метр биіктіктен құлап аман қалды

АҚШ-тың Саффолк қаласында 15 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алғанына қарамастан аман қалды. Оқиға 4 мамыр күні кешкі уақытта болған.

Өрт сөндірушілер бастапқыда тұрғындардан құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама алған. Алайда оқиға орнына жеткен кезде жағдайдың әлдеқайда күрделі екені анықталған. Белгілі болғандай, жасөспірім жоғары кернеулі электр желісіне шығып, токқа түскен.

Салдарынан ол шамамен 60 фут (18 метр) биіктен жерге құлап, құлаған жерде тұтанған өрттің ішіне түскен. Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру техникасы, жедел жәрдем және орман қызметі жұмылдырылған.

Жасөспірім ауыр жарақат алғанымен, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ол қазір Children’s Hospital of the King’s Daughters ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Мамандар бұл оқиғаны аса қауіпті әрі алдын алуға болатын жағдай ретінде бағалап, тұрғындарды электр желілеріне жақындамауға шақырды. Оқиға салдарынан Amtrak пойыздарының қозғалысы екі сағаттан астам уақытқа кешіккен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қыз 9-қабаттан жұмбақ жағдайда құлап кетіп, аман қалғанын жазған едік. Періштесі қаққан бойжеткен аман қалды. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Оқиға түнде қаланың шет жағындағы тұрғын үй кешенінде болған. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен ауладағы көлік жолына құлап кеткен. Қатты дыбысқа елең еткен көршілер дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 09 Мамыр, 2026 20:08