Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаевты босатып, Ақ үйді басып алған: Қырғызстандағы болып жатқан митингтің хронологиясы

Қырғызстанда наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштерінің текетіресі митингке қатысушылардың "Ақ үйді" басып алумен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: sputniknews.kg сайтынан

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында болып жатқан митингтің хоронологиясы:

Сағат түнгі 03:00-де наразы топ «Ақ үйді» басып алды. Бұл ғимаратта мемлекеттік президенті мен оның аппараты, парламенті жұмыс атқарады. 

Содан кейін митингке шыққандар түрмеде отырған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен экс-премьері Сапар Исаковты босатады. 

Сондай-ақ, Қырғызстанның экс-депутаты Садыр Жапаров та абақтыдан босатылыпты. 

Наразы топ «Бутун Кырғызстан» партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровты соққыға жықты. 

Сағат таңғы 6:30-ға таман «Ақ үй» отқа оранды. 

Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір шенеуніктер Қырғызстанның ІІМ, ҰҚК, және Бас прокуратура басшысының лауазымын атқаруда деген ақпарат таралды. Алайда олар бұл құзыретке қалай ие болғаны жайлы айтылмады. 

Ақ үйге баса көктеп кірген адамдар: "Бұны бұзбаңдар", - деп ұрандатып, бір-бірін парламент ғимаратын тонамауға шақырды.

Куәгерлердің хабарлауынша, ғимаратқа митингіге қатысушылармен бірге республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев кірді.

Аумақта МКҚ қызметкерлері жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, президент Сооронбай Жээнбеков оңтүстікке ұшып кетті.

Аумақта МКҚ қызметкерлері жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, президент Сооронбай Жээнбеков оңтүстікке ұшып кетті. Мемлекет басшысы аппаратының басшысы Досалы Эсеналиев, баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева түсініктеме бере алмайды.

Сондай-ақ наразылық білдірушілер елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тергеу изоляторының қақпасын бұзып, келіссөздерден кейін Республиканың бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты босатты.

Кейіннен тараған ақпарат бойынша,  наразылық білдірушілер басып алған Ақ үйде өрт шықты.

"Ақ үй жанып жатыр", - деп жазады Sputnik Қырғызстан агенттігі.

Агентік, сондай-ақ, Ақ үйге өрт сөндірушілер келгенін де хабарлайды.

Еске салайық, 5 қазан күні таңертең екі мыңға жуық партия жақтаушылары Бішкек орталығында наразылық акциясын бастады. Олар сайлау нәтижелерін жоюды және қайта дауыс беруді талап етті. 

 

Талқылау