Бішкекте 11 БАҚ өкілі ұсталды
Қырғыз астанасында "Айт Айт Десе" және Temirov Live интернет-алаңдары арқылы халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырған БАҚ өкілдері қолға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: superg.ru
Олар қылмыстық кодекстің 278-бабының 3-бөлігі бойынша (Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру) ұсталды. Бұл туралы Facebook-те адвокат Замир Жолдошев мәлім етті.
Адвокаттың сөзінше, тұтқындалғандар қатарында 11 адам – Махаббат Тәжібекқызы, Сапар Аманбеков, Азамат Есенбеков, Сайпидин Сұлтаналиев, Ақтілек Қапаров, Тыныстан Асыпбеков, Мақсат Тәжібек уулу, Жоодар Бузумов, Жұмабек Тұрдалиев, Айке Бейшекеева және Ақыл Орозбеков бар.
Адвокат қылмыстық бап бойынша БАҚ өкілдері бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған