Бишінің алдына түсіп өнер көрсетпек болған жігіт оқыс қимылдан талып қалды (видео)
Оқиғаның қай қалада болғаны белгісіз. Той сияқты жиындардың бірінде бишінің өнерін жұрт тамашалауға жиналып қалған. Көрермендері жақын тұрғандықтан оның өнер көрсететін орны да тарайған. Жиналып тұрғандардың арасында кішкентай балалардан бастап үлкен кісілерге дейін бар.
Кенеттен көрермендер арасынан шыққан жігіттердің бірі орындық үстіне шығып айналып секірмекші болады. Видеодан оның мұндай әрекетке баруына өзге жігіттердің көмектескенін байқауға болады. Оның бұл әрекеті сәтсіз шыққанымен қоймай белсенді сол жерде есінен танып қалады. Жұрт оның әрекетін үлкен талқыға салып, түрлі пікірлерімен бөлісті. Бірі оны аяса, басқалары мінезінен тапты деп сынаған. Ал, тағы бір топ оның көше биін көрсетпек болғанын айтып жатты.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған