Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бишімбаевтың анасы Нүкенова өлтірілген гастроорталық құрылтайшыларының құрамынан шықты

Салтанат Нүкенова өлтірілген "Гастро-Площадь Центр" гастроорталықтың құрылтайшылары өзгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Давай Сходим

4 сәуірде "Ezy Park" ЖШС құрылтайшыларының тізімінен Қаныш Төлеушин (ЦДИАӨМ бірінші вице-басшысы), Тасболат Абдуллин және Альмира Нұрлыбекова (Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевтың анасы) шықты.

Қалған құрылтайшылар қатарында Сержан Мәдиев пен Алий Оспанов бар, сондай-ақ Қайрат Мәлік пен Азамат Ахметжанов есімді жаңа тұлғалар пайда болған. Қайта тіркеу 4 сәуірде өтті.

Гастроорталықтың аумағында 30 мекеме орналасқан, олардың бірінде (Bau мейрамханасы) Салтанат Нүкенова өлтірілді.

Kompra.kz дерегі бойынша, Оспанов – бірқатар ЖШС құрылтайшысы және басшысы, олардың кейбірі гастроорталықтың бұрынғы және қазіргі құрылтайшыларымен байланысты.

Мәдиев – Alzhan қоғамдық қорының, "Нұр-Сұлтан баскетбол федерациясы" ҚҰ және "Wowkz" ЖШС құрылтайшысы. Сондай-ақ, Мадиев басшы Ибраев Қанат саналатын Alawwal Partners Ltd компаниясының құрылтайшысы.

2023 жылғы 9 қарашада гастроорталықта орналасқан астаналық Bau мейрамханасында экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық әйелін ұрып-соққан. Салтанат Нүкенова жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ғимарат осы уақытқа дейін 4 акционерге тиесілі болды, оның ішінде Қуандық Бишімбаевтың анасы бар еді.

Гастроорталықта бөлім басшысы болған Молдақаш Қалмұрат Жолшыбайұлы сол түні болған оқиғалар бейнеленген видеолар қалай өшірілгенін айтып берді. 

Балнұр Қожагелді
Жұма, 12 Сәуір, 2024 15:09
Талқылау